386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

  • 728

«Ел өңірлерінің басым бөлігінде күн суытады» деп хабарлайды синоптиктер.

Солтүстік пен шығыста түнде термометр бағанасы -2-7 градус салқындықты көрсетеді. Ал күндіз 3 градус жылы болады. Оңтүстікте күндізгі ауа температурасы 12-23 градус нөлден жоғары болмақ. Ал батыста Ираннан жылы ауа массасы келетіндіктен, бұл көрсеткіш 20-28 градусқа дейін көтеріледі. Алматы қаласында жауын-шашын күтілмейді. Түнде сынап бағанасы 3, күндіз 15 градусқа дейін жетеді.

Маржан Ғаббасова инженер-синоптик:

- Ертең Астана қаласы бойынша көшпелі бұлтты, түнде және таңертең кей уақытта жаңбыр жауады, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 10-12 градус жылы болады. 5-6 қазанда ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10 градус шамасында жылы болады. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы