388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰҚК қызметкерлері радикалды топтың 3 мүшесін тұтқындады

  • 544

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері лаңкестік жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады.

Олар құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне қатысты арам ойларын жүзеге асыруды көздеген. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ұсталғандардан жарылғыш құрылғылар мен діни-экстремистік материалдар тәркіленген. Ресми деректерге сүйенсек, жыл басынан бері мамандар 29 радикалдың жолын кескен. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. 

Хабар 24 телеарнасы