386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливия ұшағын басып алған лаңкестер жалған қару пайдаланған

  • 576

Ливияның Afriqiyah Airways компаниясына тиесілі ұшақты басып алған қарақшылардың қолында қару болмаған.

Олар жымысқы ойларын іске асыру үшін жалған қару пайдаланған. Бұл туралы Мальта премьер-министрі мәлімдеді. Еске сала кетейік, 23 желтоқсанда екі қарулы адам Ливияның Сабха қаласынан Триполиге бет түзеген ұшақты басып алып, бағытын Мальтаға өзгерткен еді. Лаңкестер қойған талаптары орындалмаса, әуе көлігін жарып жіберетінін айтып, сес көрсеткен. Олар 2011 жылы тақтан құлатылған Муаммар Каддафидің ұлы Саиф аль-Исламды және Ливия түрмелеріндегі адамдарды еркіндікке жіберіп, Бенгази қаласындағы содырлардың шығуына мүмкіндік беруді талап еткен. Дегенмен кейін ұшақтағы барлық тұтқынды босатып, өздері Мальта билігіне берілген. Айта кетейік, ұшақ бортында 111 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған.

Хабар 24 телеарнасы