389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

25 елді жүріп өткен велосаяхатшылар елге оралды

  • 1649

Қазақстандық велосаяхатшылар Талғат Жұмабеков пен Асқар Сызбаев 9 905 шақырымға созылған сапардан оралды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған велосаяхатта жігіттер Еуропаның 25 елінде болып, егемендік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін дәріптеді. 24 тамызда Атыраудан кәрі құрлыққа велосипедпен сапар шеккен әуесқой велоспортшылар үш жарым айға созылған саяхатты 10 желтоқсанда Барселонада аяқтады. Осы аралықта еліміздегі бірлік пен келісімді насихаттаған жерлестеріміз Қазақстанның интеграция туралы ұстанымын паш етіп, Еуразия жүрегіндегі еліміздің кешегі келбеті мен кемел келешегі жөнінде баяндады.

Талғат Жұмабеков, велосаяхатшы:

- Біздің велосаяхат әлі жалғасады. Жер шарындағы 140-тан астам елді аралап шығуға бел будық. Бірінші кезең аяқталды. Енді Америка мен Африканы және Азия құрлығына сапар шегуді жоспарлап отырмыз. Қазақстанның тыныштықты қалайтын бейбіт ел екенін әлем халқы білсе дейміз.

Хабар 24 телеарнасы