388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Анығын айтқанда. Әскердің күші отансүйгіштік рухпен мықты

  • 395

Биыл еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 27 жыл толып отыр.

Осы уақыт аралығында әскеріміз даңғыл даму жолынан өтті. Тоқсаныншы жылдардың басындағы ұшақтарымыз бен танктерімізге жанармай іздеген, білікті әскери мамандар жетіспеген, тозығы жеткен техникамен арпалысқан замандар артта қалды. Бүгінгі Қарулы күштеріміз сақадай сай қаруланған, жаңа техникамен жабдықталған, өз елімізде ғана емес, әлемнің отты нүктелерінде болып жатқан қақтығыстарды тоқтатуға да атсалысып жүр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі күшті армиялардың рейтингінде Қазақстан Қарулы күштері үздік елуліктің қатарынан көрінді. Осы жақында ғана жарияланған Стокгольм халықаралық институтының зерттеуінде Қазақстан 2018 жылғы әскерге қажетті қаражатты көбейткен әлемдегі 15 елдің қатарына кіріп отыр. Өткен жылы әскери бюджетіміз 542 миллиард теңгеге дейін өскен. Бұл 27 жылдағы жемісті жұмыстың оң нәтижесі екендігі сөзсіз. Енді әскеріміздің сапасын көтере түсу басты міндеттің бірі. Сарбаздарымыздың отансүйгіштік рухы мықты ма? Батыр бабаларының ерлігін пір тұта ма? Әлеуметтік жағдайы қаншалықты жақсарды? Баспанамен қамтылуы қалай? Неге әлі де әскерге барғысы келмейтін жастар азаймай отыр?

Осы және басқа да өзекті сауалдарға жауап іздеу үшін студиямызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мен ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатовты қонаққа шақырдық.

Хабар 24 телеарнасы