368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда Астананың мерейтойына арналған концерт өтті

  • Read 307 times
  • Media
Түркияда Астананың мерейтойына арналған концерт өтті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және елорданың 20 жылдығына орай Анкарада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының концерті өтті.

Мерекелік кешке түрік елінің саяси және қоғам қайраткерлері, іскер топ өкілдері мен қазақ диаспорасы және анкаралық әнсүйер қауым қатысты. Жиылған көпшіліктің алдында өнер көрсеткен елордалық ұжым қазақ композиторларының шығармаларынан бастап, Батыстың танымал классикалық туындыларын нақышына келтіріп орындады. Әсіресе сахна төрінде түріктің халық әндерін жоғары дәрежеде шырқаған қазақстандық өнерпаздар жергілікті көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Бегюм Ерей, көрермен:

- Концерт жоғары дәрежеде өтті. Қазақстандық өнерпаздардың репертуары жан-жақты екен. Барлық шығарманы өте шебер орындап, бізге ұмтылмас әсер қалдырды.

Гүлмира Құттыбадамова, Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижері:

- Біздің концертіміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Біз түркиялық өнерсүйер қауымға заманауи хор өнерімізді паш етуші тырыстық. Жергілікті халықтың бізді ыстық ықыласпен қарсы алуы көңілге демеу болды. Музыкамызға зейін қойып, ерекше құлшыныспен тыңдады. Бәлкім бізге осындай мәдени, рухани байланыстарды тереңдету қажет.  

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы