365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы Қарақамыс ауылының халқы жол азабын тартып отыр

  • 446
  • UPD: 12:43, 22.10.2018

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданы Қарақамыс ауылының тұрғыны Меңдібай Тәжібаев осы тақырыпта қалам тербеді. Өйткені бұл мәселе көп жылдар айта-айта жауыр болғанға ұқсайды.

Меңдібай Тәжібаев, ауыл тұрғыны:

- Айыртау ауданындағы Қарақамыс ауылының тұрғындары жол азабын тартып отыр. Ошақтың орнындай болып үңірейіп қалған жол жүргізушіге де, жолаушыға да, тіпті автокөлікке де ауыр тиеді. Ой-шұңқырды айналып өтіп, дұрыстау жермен жүремін деп, қарсы бағыттағы көліктер бір-бірімен соқтығысып немесе жолдан шығып кеткен жағдайлар да кездесті. Әсіресе Қарақамыс-Лавровка ауылдары аралығындағы тасжолдың сапасы өте нашар. Жол шұрық-тесік. Мен ес білгелі бұл аралықтың тас жолы бір де бір рет жөнделіп көрген емес. 

Бұл сұрақ барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінде де бірнеше мәрте көтерілген. Ауданның бұрыңғы әкімі аталған мәселені назарға алып, Светлое мен Саумалкөл ауылдары бағытындағы жолды қалыпқа келтіру үшін 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген. Алайда атқарылған жұмыстардың сапасы сын көтермейтін сыңайлы. 

Меңдібай Тәжібаев, ауыл тұрғыны:

- Жыр болған жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің орнына ой-шұңқырларды жамау үшін ірі-ірі тастар төселді. Оның өзінде тиісті жұмыстар толық атқарылмай, орта жолда аяқсыз қалды. Тасжолдың көп учаскелері «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қала берді. Өз басым жол бойына мұндай ірі тастардың төселгендігін құптамаймын. Өйткені бұл тастар автокөліктің астына тиіп, жүргізушіге жайсыздық туғызады. Нәтижесінде ауыл тұрғындары енді шұңқырларды емес, тастарды айналып жүретін болды.

Осы жол тақырыбын одан әрі жалғастырсақ. Павлодар облысында «Ақсу-Курчатов» бағытындағы тас жолдың 24 шақырымы күрделі жөнделді. Бұл жайында «Егемен Қазақстан» газетінде шағын мақала жарық көрді. Жұмыстар тың технологияға негізделіп салынған екен. Яғни тас көмірдің күлі жолдың бірінші және қосымша қабаттарына салынған. Үзіндіге үңілейік.  

«Павлодар облысының Май ауданында жөнделген бұл жолдардың жалпы ұзындығы 24 шақырымды құрады. Жөндеу жұмыстарынан кейін жол ұсақ түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жетілдірілген жабыны бар, ені 7 метрлік III санатты жол болып шыға келді. Өткен жылдың мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімінен 2 ай бұрын аяқталды»

Аталған жұмыстарға  100-ге тарта адаммен 40 –тан астам техника жұмылдырылыпты.

Сөз соңында баскетбол ойнайтын піл туралы материалға тоқталғым келіп тұр. Солтүстік Қазақстан газеті осы жануар жайында шағын ғана қызықты материал жариалыпты. Венгрияның Будапешт қаласындағы піл спорттың осы түрімен айналысады екен. Яғни цирк жаттықтырушысы өз жануарын себетке доп лақтырып үйреткен екен. Мұнымен қоса піл түрлі трюктар жасай алады екен.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да ем іздеген халық алысқа сабылмайтын болды Ақмола облысында 2494,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы