379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Имадеддин Несимидің 650 жылдық мерейтойына орай мақала жарық көрді

  • 676
  • UPD: 10:48, 01.05.2019

Бүгінгі шолуымызды Әзербайжан әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын, түркі әлеміне ортақ тұлға Имадеддин Несимиге арналған мақаламен бастаймыз.

Тарих ғылымдарының докторы, түркітанушы Дархан Қыдырәлінің «Егемен Қазақстанда» жарық көрген көлемді еңбегі «Ғаламға сыймаған шайыр» деп аталады. Мақала әзербайжан ақынының 650 жылдық мерейтойына орай жарияланып отыр. Автор әуелі Несимидің Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Сәйф Сараи, Әлішер Науаи сынды түркі поэзиясының жарық жұлдыздарының жолын жалғастырушы екеніне назар аударады. Сондай-ақ ақын мұрасының әлі де өзектілігін жоймағанын атап өтеді.       

«Жырының сырлы айшықтары Қожа Ахмет Ясауи мұрасымен үндесіп кететін Имадеддин Несими шығармашылығының төзімділік пен гуманистік тақырыптарға аса бай терең қабаттары бар. Ол көптеген ұлы ақын-жазушылар, суретшілер мен өнер қайраткерлері үшін сарқылмас шабыт көзі болды. Оның рухани идеялары мен философиялық пікірлері адамзатты ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуге және бейбіт өмірге бағыттайды. Сондықтан Несими мұрасы қазіргі уақытта да өзінің өзектілігі мен ықпалын жоғалтқан жоқ деп ойлаймыз».

Хабар 24 телеарнасы