365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

  • 323
  • UPD: 18:49, 08.10.2018

Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа шетел елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Жаңадан дипломатиялық қызметке кіріскен Қытай, Испания, Израиль, Словакия және Еуроодақтың өкілдері екіжақты әріптестікті нығайту жолындағы алғашқы қадамдарын жасады.

Елбасы елшілердің жұмысына сәттілік тілеп, мемлекетаралық байланысты одан әрі дамытуға шақырды. Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылған және қолға алынған жаңа реформаларға тоқталып, көпвекторлы саясаттың артықшылықтарын әңгімеледі. Әсіресе, мемлекетаралық сенім шараларының маңыздылығы атап өтілді. Жалпы еліміз Қытай, Испания, Израиль, Словакия және Еуроодақ елдерінің қай-қайсысымен де жан-жақты әріптестік орнатқан. Мәселен, шығыстағы көрші мемлекет - сауда және экономикалық саладағы ең ірі серіктестердің бірі. Қазір қазақ-қытай үкіметі «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламалары аясында өзара үндестік тауып, бірлескен жобаларды нәтижелі жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, Еуроодақпен орнатылған дипломатиялық байланыстың нәтижесі зор.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Баршаңызды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңыздың ресми түрде басталуымен құттықтаймын. Сіздердің қызметтеріңіз ел дамуының ең маңызды кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Стратегиялық бағытымыз -  Қазақстанды әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына қосу. Осыған орай қажетті бағдарламалар қабылдап, кешенді реформалар жүзеге асырып келеміз. Былтыр Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайызға жетіп, әлемдік орташа көрсеткіштен асты. Дүниежүзілік дуинг бизнес рейтингісі бойынша Қазақстан 36 орынға ие болды.

Айта кетейік, елордада алдағы күндері өтетін ауқымды халықаралық шараларға осы мемлекеттерден ресми делегациялар келеді. Соның бірі Шекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы  конвенцияның сессиясы. Енді бірі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНЕСЕФ-тің алғашқы медициналық санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясы.

Чжан Сяо, ҚХР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Қазақстан президенті жақында жариялаған Жолдауында Қытаймен жан-жақты әріптескке баса мән берді. «Бір жол, бір белдеу» және «Нұрлы жол» бастамаларының бір мақсат, бір мүддені көздейтін тұстарына тоқталды. Бұл бағытта Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Мәселен, Қорғас құрғақ портының заманауи инфрақұрылымдық әлеуеті зор. 

Свен-Олов Карлссон, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы:

- Қазақ елі аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Сирия дағдарысы мен Иран ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді шешуге белсенді атсалысып келеді. Бұл бағытта Еуроодақ пен Қазақстанның мүддесі бір, мақсаты ортақ. 

Лиат Вексельман, Израильдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Қазақстан мен Израиль арасындағы достық қарым-қатынас бұрыннан бар. Өткен ғасырдан бері осында көшіп келген еврей ұлтының өкілдері тату-тәтті тіршілік етеді. Қос мемлекет инновация, денсаулық сақтау және білім салаларында берік ынтымақтастық орнатқан.

Осы категория бойынша: « «7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден беріледі Үкіметте Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы