388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәулікте ауа райы қандай болады?

  • 471
  • UPD: 15:32, 21.04.2019
Алдағы тәулікте ауа райы қандай болады? inform.zp.ua

Синоптиктер 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашын, тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Кей жерлерінде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Қарағанды, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысында көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі», – делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы