384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

  • 513
  • UPD: 11:50, 11.07.2019

Маусым айында тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 282530 теңгеге бағаланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылдың соңғы аймен салыстырғанда 2,4% қымбат. Мұндай ақпаратты еліміздің статистика комитеті жариялады. Мәліметтерге қарағанда, жер үйлер 0,6%-ке, көп қабатты үйдегі пәтерлер 0,5%-ке қымбаттаған. Қазақстан бойынша орташа бағаны шығаруға Алматы, Шымкент және Семей қалалары мен облыс орталықтарындағы жылжымайтын мүлікпен айналысатын ұйымдардың ақпараты сараланған. Дегенмен, тұрғын үй нарығында белсенділік байқалады. Маусым айында елімізде үйді алу немесе сату туралы 29500 келісім жасалды. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 7,4%-ке артық.

Мәселен Алматы облысында осындай 4500 келісім жасалыпты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% артық. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы. Елодада пәтерді алып-сату туралы 4000 келсім жасалған. Үшітікті Қарағанды облысы түйндеді. Мұнда шамамен 3300 келісім жасалыпты. Ал үйді алып-сату белсендігі төмен аймақтарға Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарын жатқызуға болады. Маусым айында бұл өңірлердің әрқайсында жасалған келісімдер 500 ден сәл ғана асады.

 

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 14-орында

Әлем елдерінің бірақатары өз қазынасын құнды металмен сақтауға бет бұра бастады. 2018 жылы орталық банктер 651 тоннадан астам алтын сатып алған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 73%-ке жоғары. Доллар мен еуроға бай елдер алтынға неге құмартты? Қазақстанның қорында қанша құнды металл бар?

Қаржыгерлердің қазынаны құнды металмен сақтауына әлемдегі геосаяси және экономикалық тұрақсыздықтар әсер еткен. Ал алтын құнын жоғалтпайтын тұрақты қаржы көзі. Сондықтан орталық банктер қазынаны алтымен сақтауға құп көрген. Осы және өзге де әкономикалық жаңалықтар сәлден кейін.

Қазақстан ұлттық қорын алтынмен сақтайтын елдердің ішінде 14-орынға шықты. Мамыр айының қорытындысы бойынша, еліміздің халықаралық жалпы қоры 8,8%-ке азайып, 28 миллиард АҚШ долларын құрады. Өткен жылыдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 30,7 миллиард доллар болатын. Дегенмен, сәуірмен салыстырғанда алтын қоры 3,5%-ке артып, 947 миллион долларға жетті. Ұлттық банк алтын сатып алуды өткен жылдан бастады. World Gold Council деретеріне қарағанда 2018 жылы орталық банктер 651тоннадан астам алтын сатып алған. Мұндай өсім 1971 жылдан кейін алғаш рет қайталанып отыр. Былтыр алтын сатып алу көрсеткіші бойынша Қазақстан Ресей мен Түркиядан кейінгі үшінші орынға тұрақтаған.

Айта кету керек, Ресей биыл да құнды металды сатып алушылардың көш басында тұр. Алғашқы тоқсанда солтүстіктегі көршілердің қорына тағы 55 тонна алтын қосылған. Ал Қазақстан 11,2 тоннаға көбейтті. Десе де, алтынға бай мемлекеттердің көш басында АҚШ тұр. Құрама шттаттардың қорында 8 мың тоннадан астам құнды металл бар. Екінші орында Германия, үштікті Италия түйіндейді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстан 366 тоннамен 14-ші орынға тұрақтады.

 

Мемлекет қазынасына салық түсімдері 15,2 % артты

Биыл бес айда мемлекет қазынасына салықтан 5 миллиард 113 миллион теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2% көп. Ашып айтар болсақ, республикалық бюджетке салық түсімдері 19,5% артқан. Ал жергілікті бюджетке 7%-тей өсім көрсетті. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық қордың активтері 122 миллиард теңгеге артты. Сарапшылардың айтуынша, шоғырландырылған бюджеттің жиынтық шығындары ағымдағы жылдың бес айында 26%-ке өсіп, 5 миллиард 208 миллионды құрады. Биыл жоспарланған шығыстардың 51% әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларына жұмсалған.

Айта кетейік, есептік кезеңде республикалық бюджет тапшылығы 384 миллиард теңгені құрап, бір айда 30% артты.

Енді Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 384 теңге 36 тиынды құрады. Айырбастау бөлімшелерінде көк қағазды 385-386 теңгеден сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы