420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысын қабылдады

  • 235
  • UPD: 12:38, 04.09.2020
Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтің есебін тыңдады.

Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.

Қайрат Келімбетов Президентке Қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО жұмысын жаңарту жайын баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы