385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға 85 грант бөлінді

  • 132
  • UPD: 09:44, 19.08.2019
Қостанай облысында тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға 85 грант бөлінді

Биыл Қостанай облысында жоғары оқу орындарындағы педагогикалық, техникалық және технологиялық мамандықтарға 85 грант бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар негізінен көпбалалы және тұрмыс жағдайлары төмен отбасы балаларына беріледі. Сондай-ақ өңірде техникалық және кәсіби мамандар дайындауға қаралған грант саны 8%-ке артты. Биыл бұл жеңілдікке 5160 колледж талапкерлері ие болады. Қазір орташа кәсіби білім беру орындарына құжат қабылдау жүріп жатыр. Ол тамыздың 27-іне дейін жалғасады. Бүгінде жастар арасында автокөлік жасау және ауылшаруашылық саласын таңдаушылар көп. Оқу орындарында аталған мамандықтар бойынша бір орынға екі адамнан келіп отыр.

Ольга Киселёва, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 1 қыркүйектен бастап жұмысшы мамандықтарын таңдағандарға және қазір оқып жатқандарға шәкіртақы 30%-ке көбейтіледі. Егер тамыз айында олар 16 мың тенгеден алса, қыркүйек айынан бастап ол 21 мың теңге болады.  Бұл көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларына әжептәуір қолдау деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы