386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жоғары сынып оқушылары арасында халықаралық онлайн-турнир өтеді

  • 169
Елордада жоғары сынып оқушылары арасында халықаралық онлайн-турнир өтеді elorda.info

Бүгіннен бастап 9-11-сынып оқушылары арасында «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық халықаралық онлайн-турнир басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо Тұңғыш Президент Қорына сілтеме жасап.

Бұл – ХХ-ХХІ ғасыр, әлем, ғылым, тарих, табиғат, өнер, денсаулық, спорт тақырыптарына қатысты 35 мыңнан астам сұрақты қамтитын мобильді қосымша.

Ойын алты раундтан тұрады және қатысушы өз қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілін таңдай алады.

Өтінім 6 қыркүйектен 1 қазанға дейін www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасы арқылы қабылданады.

І, ІІ тур 1 қазан мен 20 желтоқсан аралығында онлайн режимінде өткізіледі. Қорытынды тур Нұр-Сұлтан қаласында болады.

Жеңімпаздар жыл соңында Назарбаев орталығында марапатталады. Финалда ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар беріледі. Турнирдің жеңімпазы атанған шетелдік қатысушылар «Отандастар» қорының арнайы жүлдесін алады.

Турнирдің Ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz, Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz, сонымен қатар kto-umnee.qazaq-found.kz сайттары арқылы танысуға болады.

Хабар 24 телеарнасы