386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қауіпсіздік үшін маңызды «Ақылды мектеп» жобасы тоқтатылды

  • 123
  • UPD: 23:12, 12.09.2019

«Ақылды үй», «Ақылды балабақша», «Ақылды мектеп» сынды маңызды бөлімдерден құрылған жоба Павлодар қаласында да қолға алынған болатын.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақылды мектеп жобасы №37 мектепте енгізілген. Алайда бұл жаңашылдық ұзаққа бармады. Былтыр қала әкімі облыс орталығында жаңа сандық технологияларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік жоқтығын айтып, жобаны тоқтатуға шешім қабылдаған. Дәл бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі мектептерде қалай қорғалып жатыр?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Бұл № 37 мектеп.  2018 жылы наурыз айында Қазақстандағы алғашқы «Ақылды мектеп» болып республикаға танылды. Білім ошағына  қолжетімділікті  бақылауды басқару жүйесі орнатылды. Ал оқушылар мектеп ғимаратына саусақ іздері арқылы кіріп шықты. Жобаның жетілдіруші тарап ата-аналарға «Смарт Павлодар» мобильдік қосымшасын жүктеп берді. Сол арқылы олар  балалары туралы ақпараттан хабардар болып отырды. Саусақ іздері арқылы оқушылар асханада түскі тамақтың ақысын төлеп,  онлайн-режимде  ас мәзіріне тапсырыс беретін.  құруға мүмкіндік алған еді. лып отыратын. Ең бастысы, баласын мектепке жіберген ата-ана ешнәрсеге алаңдамайтын. Өйткені оқушылардың әрекеті  толық бақылауда болды.Өздеріңіз көріп тұрғандай менің саусағымның іздерімен жүйе жұмыс істемейді. Өйткені мәліметтер базасында ақпарат жоқ. Сол себепті мектепке рұқсатсыз кіруге мүмкіндік жоқ.

Бақылау жүйесі  жұмыс істеп тұр. Оқушылар саусағын қойып турникеттен өте береді. Бірақ техникалық мүмкіндіктердің жоқтығынан жаңа оқу жылында мәліметтер базасы жаңартылмапты. Жобаны жетілдіруші тараппен байланыс үзілген. Ата-аналардың смартфондарына жүктелген мобильді қосымша жұмыс істемейді. Демек, ата-аналар балаларына бұрынғыдай бақылау жасай алмайды.

Ләйлә Жүсіпова, қалалық № 37 мектептің директоры:

- Бұл өте маңызды керемет жоба болды мектебімізге енгізілген.Себебі бұл турникеттің маңыздылығы оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етуге өте жақсы көмектескен болатын және осы турникет арқылы  оқушы мектепке қай уақытта келеді, қай уақытта шықты ата –анасы  ұялы телефондар арқылы СМС хабарлама алып отырған болатын. Бірақ өкінішке орай, осы «Смарт-Павлодармен» келісім-шартымыз үзілді. Осы бүгінгі күні осындай бағдарламамыз жоқ.

Білім ошағына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Қазір нағыз қарбалас шақ. Ата-аналар балаларын мектептен әкетіп жатыр.Осы ретте біз мектепке кіріп, мектеп ұжымынан балалардың қауіпсіздігі қаншалықты бақыланатынын сұрап білуді жөн көрдік.

Aнар Бегенаева, №9 мектептің  оқу ісінің меңгерушісі:

- Біздің мектепте  46 бейнебақылау камералары орнатылған.Оның ішінде 24 камера ішкі және 22 камера сыртқы. Сондықтан ешқандай бөтен адамдар кірмейді. Ата-аналар балалаларды далада күтеді.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек биылғы жылы қала мектептеріне 625 бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл қауіпсізідкті қамтамасыз етудің жалғыз жолы.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Ал бұл мектептің жанынан өтіп бара жатып  кездейсоқ тоқтадық. Мақсатымыз мектептің ішіне кедергісіз кіруге бола ма, жоқ па сол жағын тексеру. Ал өзімнің әрекетімді мен мына қолымдағы телефонның камерасына жасырын түсірмекпін.

- Сәлеметсіз бе, сіз қайда барасыз?

- Кешіріңіз мен мектептің директорына бара жатыр едім.

Бұл қаладағы цифрлық жүйе қолданылмаған көптеген мектептердің бірі. Соған қарамастан бақылау жүйесі нақты қолға алынған. «Ақылды мектеп»  жобасы ағымдағы жылы барлық мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге енгізілуі тиіс болатын. Бірақ орта жолда қалып отыр. Жобаны жетілдірушілер оны жандандыруға техникалық мүмкіндіктер бар деп отыр. Тек қала әкімдігі қызығушылық білдірмей отыр.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы