426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әліппені оқыту Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде жүргізіледі

  • 239
  • UPD: 18:11, 27.08.2020

Ел бойынша 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды. Яғни оқушылардың 80 процентін онлайн сабаққа дайындап жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Мектептер 8 интернет платформаның бірін таңдап, сол бойынша сабақ жүргізеді. Платформаға қосылу мүмкіндігі жоқтар телесабақ арқылы білім алады. Биылғы оқу жылының алғашқы тоқсанында тағы қандай өзгерістер болады? 

Коронавирус індеті білім беру жүйесін біраз өзгертті. Аз уақыттың ішінде шешім қабылдап, жедел әрекет етуге мәжбүр болдық. Еліміздің бас педагогы Асхат Аймағамбетов төртінші тоқсанда түрлі қиындықтың болғанын жасырмады.

«Жаңа оқу жылына барынша дайындалдық» дейді министр. 2 млн 600 мың бала онлайн білім алса, бастауыштың 530 мың оқушысы кезекші сыныпта оқитын болды. Олардың ата-анасы осындай шешім қабылдаған. Ал эпидемиологиялық ахуалы тұрақты ауылдардағы шағын жинақталған мектептер дәстүрлі түрде білім береді. Яғни 202 мың бала мектеп партасына отырады. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Әдеттегідей бір кабинеттен екінші кабинетке көшіп оқуға жол бермейміз деп шештік. Әр күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті талаптар қолданылады. Шағын жинақталған мектептерде дәстүрлі білім беру барысына да осы талаптар қойылып отыр. Бұған қоса бір сыныпта 25-30 бала болатын болса, онда оларды 15 баладан аспайтын топқа бөлу керек деген шешім қабылдадық. 

Жасы алпыс бестен асқан, қант диабеті мен басқа да созылмалы аурулары бар мұғалімдер кезекші кластарға сабақ бере алмайды. Сондай-ақ жүкті әйелдер де тек онлайн жұмыс істейді. Министрдің айтуынша, мұғалімдердің денсаулығы басты назарда болады. Алайда мектепте жүріп ауру жұқтырған мұғалімге ешқандай үстемақы қаралмаған. Кезекші кластарға білім беретін  мұғалімдердің басқа сыныптарды онлайн оқытуға  құқығы бар.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Кезекші сыныпта бала оқитын болса, онда беретін мұғалім сол балалармен тек ғана жұмыс істейтін болады. Ал егер жарты сыныбы кезекші сыныпта болса, жарты сыныбы қашықтан оқитын болса, егер жүктемесі болып, уақыты болса, көбінде солай болады, онда әрине екі жұмысты да қатар жүргізетін болады. 

Мұғалімдердің жалақысы жұмыс істеген сағатына қарай төленеді. Еліміз бойынша 350 мың педагог қашықтан оқыту бойынша арнайы курстан өткен. Телесабақ туралы айтар болсақ, «Хабар» агенттігі бағдарламаларды түсіріп, дайындап жатыр. «Балапан» және «Ел арна» арналары білім беруге күніне 9 сағат эфир бөлген. 500 мыңға жуық оқушыға уақытша пайдалану үшін компьютер беріледі. Олар көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары. Министрдің айтуынша, қашықтан оқытудың машақатынан құтылу үшін сабақтың басталуын кейінге шегерейік дейтіндер бар.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-  Білім беру процесін келесі жылдың қаңтар айына қалдырайық деген мәселе айтылды. Дегенмен, қаңтар айында жағдайдың оңалатынына кім кепілдік бере алады? Зерттеушілердің айтуынша, оқу жылдарының арасындағы үзіліс ұзақ болмауы тиіс. Тіпті 3 ай каникулдың өзі ұзақ саналады. Бала дер кезінде білім алуды жалғастыруы керек. 

Айжан Есмағамбетова, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Оқу жылын кейінге шегеру туралы айтар болсақ, бұл мәселеге жан-жақты қарау керек. Тіпті коронавирусты айтпағанда, жыл сайын қаңтар айында жедел респираторлы вирустық инфекцияның өршитінін білеміз. Тұмау және вирустық инфекциямен ауратындардың 70 проценті 14 жасқа дейінге балалар болатын. 

Сонымен оқу жылы уақытында басталады. 1 қыркүйекте кезекші сыныптарда тәрбие сағаттары өтеді. Министр әліппе туралы да айтты. Қазір мемлекеттік стандартқа енгізіліп, әділет органдарына тікелген. Қазір бағдарлама жасалып жатыр. Бағдарлама Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде болады.  Бағдарлама ензілігеннен кейін, 1-сынып оқушылары 1-2 тоқсанда әліппе оқыса, 3-4 тоқсанда ана тілін оқиды.

Авторы: Ақсәуле Байменшина

Хабар 24 телеарнасы