420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ бейнежазбалары тексерілген соң 97 бала грантынан айырылды

  • 243
  • UPD: 11:35, 31.08.2020
ҰБТ бейнежазбалары тексерілген соң 97 бала грантынан айырылды

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бейнежазбаларын тексеріп, 97 баланың грантын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституция күніне 97 балаға жақсы жаңалық! ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тест тапсырушының нәтижесі жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ Ұлттық тестілеу орталығының парақшасында жариялаймыз», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов. Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің де қылмыстық әрекетке байланысы анықталған.

«Қараңыздаршы, қандай «батырлықпен» сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұр? Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, қатаң жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз. Алға, әділ Қазақстан!», – деп жазды ҰТО басшысы.

 

Хабар 24 телеарнасы