389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы 3 тәулікке арналған ауа райы болжамы жарияланды

  • 986
  • UPD: 15:25, 02.10.2019
Алдағы 3 тәулікке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 3-5 қазан күндерінің ауа райы болжамын жариялады.

«Суық антициклонның орта тұсы Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыды, дегенмен оның тарамдары әлі де Қазақстанның бірнеше облысындағы ауа райына ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болып, түнде тоң қатады. Орталық және шығыс облыстарда түнгі ауа температура минус 1…7°С, кей жерлерде 12°С-қа дейін суытады. Күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, бірақ әзірге климаттық нормадан төмен болады. Тек батыс аудандарда ауа температурасы көп жылдық орташа мәннен 3…5°С жоғары болады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы