420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 127
  • UPD: 18:00, 08.09.2020
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

9 қыркүйек түнде Қостанай облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градустық үсік күтіледі.

Кей жерлерде түнде және таңертең тұманды болуы мүмкін.

9 қыркүйек күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соққан желдің кей жерлерде 15-20 м/с болуы ықтимал.

Орал қаласында 9 қыркүйек күндіз найзағай ойнап, екпіні 18 м/с болатын жел соғады.

9 қыркүйек түнде Нұр-Сұлтан қаласында топырақ бетінде 2 градустық үсік күтіледі.

9 қыркүйек күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде өрт болу қаупі бар.

9 қыркүйек күні таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

9 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градустық үсік күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

9 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді, түнде тауларда жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел соғуы ықтимал.

9-10 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. 9-10 қыркүйекте түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

9-10 қыркүйекте түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 1-3 градустық үсік күтіледі.

8-9 қыркүйекте Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

8-10 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, 1-3 градус үсік күтіледі.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы