424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Онкологтар тері қатерлі ісігінің негізгі белгілерін атады

  • 126
  • UPD: 12:11, 10.11.2020
Онкологтар тері қатерлі ісігінің негізгі белгілерін атады

Тері қатерлі ісігінің негізгі симптомы – денедегі меңдердің өзгеруі немесе жаңадан пайда болуы.

Бұл туралы ұлыбританиялық Melanoma ұйымының онкологтары айтты.

Сондай-ақ дәрігерлер меңдердің өзгеруінің бес критерийін анықтады, олардың көмегімен қатерлі ісікті байқауға болады.

Сонымен, меңнің пішіні өзгереді, шеттері асимметрия және тегіс емес бола бастайды. Сонымен қатар түсі өзгертеді: қоңыр немесе қара түске ақ немесе көк қосылады. Меңнің диаметрі алты миллиметрге дейін өсуі мүмкін.

Мамандар осындай өзгерістер байқалса, дәрігердің көмегіне жүгіну керек екенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы