422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Масканы қалай тағу керек? Дәрігер кеңесі

  • 166
  • UPD: 14:22, 11.11.2020
Масканы қалай тағу керек? Дәрігер кеңесі Елорда әкімдігі

Маска тағу – қазіргі кезде өмірлік қажеттілік.

Бұл қасиет біреудің өмірін сақтап, жаныңыздағы жақындарыңызды қауіпті аурудан сақтайды. Маскалар COVID-19 таралу қаупін төмендететіні ғылыми дәлелденген, деп хабарлайды Елорда әкімдігі.

«Зерттеулер маска жұқтыру және вирустың басқаларға таралу қаупін төмендететінін көрсетеді. Сонымен бірге қорғаныс құралдарының COVID-19 тасымалдаушысында да, сау адамда болуы да маңызды. Әйтпесе тәуекел индикаторы жоғарылайды», – дейді №10 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Данияр Қадыров.

Дәрігерлер мұны дұрыс жасау маңызды екенін атап өтті. Масканы үйден шығар алдында тағу керек. Ең дұрысы, ол сіздің бетіңізге тығыз орналасып, иегіңізді жауып тұруы керек. Масканы мұрынның астына түсірмеу маңызды.

Иммунитетті сақтау үшін дене белсенділігі, дұрыс тамақтану және дұрыс әдеттер қажет. Сондай-ақ вирустық инфекциялардың алдын алу үшін тұрғындар жеке гигиенаны сақтап, қолды жиі жуып, антисептик қолданған жөн.

«Иммундық жүйені нығайту үшін A, B, C, D, E дәрумендері қажет. Дұрыс тамақтану да маңызды. Күзде рационға көкөністер, жемістер, ет, сүт, жаңғақ, жарма қосу ұсынылады. Тамақтың әртүрлі болғаны маңызды, бұл жағдайда барлық микроэлементтер денеге қажетті мөлшерде түседі», – дейді №10 қалалық емхананың жалпы тәжірибе бөлімінің дәрігері Гүлназ Бекенова.

Сондай-ақ дәрігерлер тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы вакцина егу керегін айтады. Сонымен қатар антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз қабылдамауға, өзін-өзі емдемеуге кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы