424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 66
  • UPD: 17:16, 19.11.2020
Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды твойгород.com

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Ақмола облысы

20 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші – 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

20-22 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 20-22 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

20-21 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысы

20 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

20-21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 20, тәулік бойы 21 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 20, түнде 21 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы