419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WhatsApp желісінің компьютерлік нұсқасында жаңартылым пайда болды

  • 165
  • UPD: 11:49, 18.12.2020
WhatsApp желісінің компьютерлік нұсқасында жаңартылым пайда болды

WhatsApp мессенжерінің компьютерлік және веб-нұсқасында қоңырау шалу қызметі мүмкін болмақ.

Бұл жаңартылым туралы WABetaInfo порталы мәлімдеді.

Бағдарлама құрастырушылары дауыстық және бейнелік таратылымдар қызметін тестен өткізіп жатыр. Веб-нұсқаның кейбір қолданушылары бағдарламаның жаңартылған нұсқасына қол жеткізіп үлгерген. Жұмыс терезесінде дыбыстық немесе видеолық қоңырауларға арналған жауап беру тетігі пайда болыпты.

Қазіргі уақытта WhatsApp бета-тестілеуден өтіп жатыр.

 Мессенджер смартфондар үшін эксклюзив саналған бұл функцияның ресми түрде қай күні пайда болатынын әлі айтқан жоқ. Дегенмен инсайдерлердің сыбысы бойынша аталған қызмет келесі апталарда барлық қолданушыда пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы