427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда әлеуметтік маңызды азық-түлік қымбаттауы мүмкін

  • 276
  • UPD: 08:51, 25.09.2020
Қазақстанда әлеуметтік маңызды азық-түлік қымбаттауы мүмкін

Бидай бағасының көтерілуінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тағы қымбаттауы мүмкін.

Қазақстандық астық өндірушілер одағы егіннің жаңа бағасына бір жағынан қуанса, екінші жағынан алаңдаушылық танытынып отыр.

Бұл жаңалықтың жағымды тұсы: шаруалардың еңбекақысы көбейіп, қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік болады. Одақ президенті Евгений Ган қосымша қаражат ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға және саланы дамытуға жұмсалады деген үмітте. Бірақ астықтың қымбаттауы ұн өнімдерінің бағасы өсетінін білдіредін. Осы мәселеге зер салған жөн дейді одақ басшысы, себебі елімізде өткен жылғыдай ұн өнімдерінің бағасын тұрақтандырып отырған тетік жоқ. Яғни енді піскен егін жаңа маусымға жаңа бағамен сатылады. Нанның құны қазақстандықтар жинайтын әлеуметтік себеттің 3-4 процентін құрайды. Сондықтан кейбір отандастарымыз нанның қымбаттағанын байқамауы да мүмкін дейді Евгений Ган.

Дегенмен, маман әлеуметтік осал топтарға бұл бірден білінеді. Сондықтан ол осындай топтарға көмектесу үшін арнайы әлеуметтік карталарды енгізуді ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы