378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Банктердің банкрот болуы үлкен әлеуметтік проблемаларға әкелуі мүмкін - сарапшы

  • 309
  • UPD: 21:37, 30.01.2019

Экономиканы жалған ақпараттан тазарту керек.

Бұл пікірмен Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Сергей Домнин де келіседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жүйе құрушы, яғни ірі банктерден кемшіліктер анықталған жағдайда оларды банкрот жариялаудың орнына қолдау көрсеткен абзал. «Әйтпесе, салдары ауыр болары анық», - дейді ол.

Сергей Домнин, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Банктердің банкрот болуы ертең үлкен әлеуметтік проблемаларға әкелуі мүмкін. Мысалға жүйе құрушы қаржы институттарын алайық. Солардың бірі – «Цеснабанктен» бүгінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері несие алған. Қазір олар бұл қарыздарын өтей алмай жүр. Егер біз мұндай банкке банкрот жарияласақ, ол шаруаларды да қарызға батырады. Сондықтан біз оларды қолдауымыз тиіс.

Хабар 24 телеарнасы