388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Finance Days конференциясына 300-ге жуық маман тіркелген

  • 375
  • UPD: 16:08, 01.07.2019

Елордада отандық және халықаралық қаржыгерлер бас қосты.

Astana Finance Days конференциясы аясында әлемдік қаржы нарығындағы өзекті мәселелер талқыланып жатыр. Конференцияға Қазақстанмен қатар АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур және Үндістан сынды бірқатар мемлекеттен 300-ге жуық маман тіркелген. Олар әлем экономикасында соңғы он жылда болған өзгерістерді саралап, болашақта жоспарды тиімді құрудың тетіктерін талқылайды. Жиынның алғашқы күні жас компанияларды халықаралық инвесторлармен тұрақты байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеуге бағытталды. Білікті мамандардан дәріс тыңдауға арыс-жақын шет елдерден 100-ге жуық адам келді. Олар қаржы саласы, компанияларды инвесторлармен үйлестіру ІРО-ны халықаралық сатылымға шығару саласында біліктіліктерін арттырады.

Хабар 24 телеарнасы