411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда отандық «Шевроле» көліктерінің желісі іске қосылды

  • 238
  • UPD: 23:33, 09.04.2020

Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында ел премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен отандық «Шевроле» көліктерінің желісі іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл кәсіпорын көлік шығаруды былтырға қарағанда екі есе ұлғайтуға, яғни 50 мыңға жеткізуді көздейді. Коронавирус пандемиясы өндіріс қарқынына әсер етпеген.

Межеленген көлемдер уақтылы орындалып жатыр. Өндіріс барысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың жіті бақылауында. Аймақ басшысы түнгі ауысым кезінде жаңа «Шевроле» өндірісінің жұмысымен танысты.

Сырым Семейбаев, «СарыарқаАвтоПром» автозауытының директоры:

– Жаңа «Шевроле» цехы зауытта апта бұрын пайда болғанымен, сериялық өндірісі қарқынды. Коронавируспен күреске қарамастан «Дамас Лабо» көліктері базасында қолжетімді зарарсыздандыру машиналарының желісі қолға алынды. Олар Қазақстанның бірнеше облыстарына жеткізіле бастады.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары тарапынан «Шевроле Дамас» және коммерциялық «Лабо» жүк көліктері жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ «Шевроле Малибу» базасындағы патрульдік темір тұлпарларға да қызығушылық бар. 2020 жылы 13 мың көлікті экспортқа жіберу жоспарланған. Өндірісті толық қамтамасыз ету үшін зауыт үш ауысымда жұмыс істейді.

Әділ Шайкемелов, «СарыарқаАвтоПром» автозауытының қызметкері:

– Орташа есеппен алғанда түнгі ауысымға 230 адам шығады. Олар өндіріс қызметі мен персоналының жұмысшылары. Бізге күнделікті бізге барлық жағдай қарастырылып отыр. Алаңдауға негіз жоқ. Басшылық біздің денсаулығымызды басты назарда ұстайды. Мұның бәрі алға қойылған мақсаттарды уақтылы орындау үшін жасалған.

Зауытта мың жарымдай жұмысшы еңбек етеді. Пандемия кезінде олардың қауіпсіздігі профилактикалық және зарарсыздандыру шараларын күшейту негізінде жүзеге асырылады. Бұл үздіксіз қарқынды өндіріске кепіл. Дуалды білім беру аясында облыстың машина құрылысы кластері аумағында іске асырылатын бизнес-инкубатор жобасы мамандарын даярлайтын компанияның корпоративті университеті ғана онлайн режимге ауысқан.   

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы