423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөздің ауыл шаруашылығын дамытуға 7,5 млрд теңге бөлінеді

  • 276
  • UPD: 18:31, 19.07.2020

Биыл Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз ауданының ауыл шаруашылығын дамытуға 7,5 миллиард теңге қаржы бөлінеді.

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында шаруалар асыл тұқымды мал басын арттырып, жаңа техника сатып ала алады. Жеңілдетілген несие мен субсидияның ауылшаруашылық өндірушілеріне берер пайдасы қандай?

Ақши ауылының тұрғыны Ержан Үмітжанов 30 жылдың көлемінде мал шарушалығымен айналысып келеді. Шаруаның ісінің алға басуына мемлекет тарапынан берілген несиенің де шарапаты тиген. Биыл ол тағы да несие рәсімдеп 50 бас ірі қара алған. Шаруашылығына қажетті трактор да сатып алыпты. Асыл тұқымды бас Ресейден әкелінген. 

Ержан Үмітжанов, шаруа:

- Мал басын одан әрмен арттыру жоспарым бар. Жаңа техника мен атқарылып жатқан істің пайдасы тиеді деп ойлаймын. Оның үстіне Аягөзде ет комбинаты ашылады. Сонда біз тек қазақстандық әрі экологиялық таза өнім пайдалана аламыз.

Ауданда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 7 ірі шаруа несие алған. Инвестициялық жобаның арқасында жаңа жұмыс орындары да ашылып отыр. 

Ділдабек Оразбаев, Аягөз ауданының әкімі:

- Биыл осы бағдарлама аясында 1 млрд 200 млн теңге бөлінген. Оған асылтұқымды мал басы мен техникалар алынып жатыр. Күн батареяларын да орнатып жатқандар бар. Ауыз су жүйесі де жаңартылуда. Жыл соңына дейін тағы да 7,5 млрд теңге бөлінеді.

Аталған қаржыға 4 мың ірі қара және 5 мың ұсақ мал алу жоспары бар. Жалпы алғанда ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 35 миллиард теңгеден асады деген жоспар бар. Сарапшылар өсім 115 проценті құрайды деп болжап отыр. 

Авторлары: Дәуренбек Бақдәулет, Әсем Өтешова, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы