429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы астықтың 7 млн тоннадан астамы экспортқа шығарылады

  • 202
  • UPD: 17:39, 07.09.2020
Биылғы астықтың 7 млн тоннадан астамы экспортқа шығарылады

Биыл қамбаға 18 млн тонна астық құйылады деген жоспар бар. Қазір 11 жарым млн тоннасы жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы терімнің 7 млн тоннадан астамы экспортқа шығарылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Қазақстан астығы Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғыз елі мен Түрікменстанға тасымалданады. Алтын дәннің бір бөлігі Иран мемлекетіне жіберіледі. Биыл Қытайға астық пен ұн экспортын арттыру жоспары бар.

Айта кетейік, Үкімет агроөнеркәсіп кешенін дамытудың алдағы 5 жылға арналған ұлттық жоспарын жасады. Саладағы өзекті проблемалар осы жоспар аясында шешімін таппақ.

Хабар 24 телеарнасы