420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде сауда орындарының жұмыс кестесіне қатысты шектеулер жеңілдетілді

  • 111
  • UPD: 19:43, 23.12.2020
Ақтөбеде сауда орындарының жұмыс кестесіне қатысты шектеулер жеңілдетілді

Ақтөбедегі сауда орындарының жұмыс кестесіне қатысты шектеулер жеңілдетілді. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, дүкендер мен ірі гипермаркеттердің қызмет көрсетуіне рұқсат етілді.

Кәсіпкерлік нысандар пандемияға дейінгі жұмыс кестесіне көшеді. Ашық аспан астындағы демалыс орындары, мұз айдындары мен сырғанақ алаңдары да ашық. Жұрт санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін де жаңа талаптар бекітілген. Енді әрбір қызметкер үйіне қайтар алдында ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтуі міндетті. Анықтама теріс нәтиже көрсеткенде ғана кезекті демалысына жіберіледі. Тиісті зертханалық бақылау ұйымдастыру кәсіпорындардың басшылығына жүктелді.

Гүлбану Дәулетова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Жаңа жылдық мейрамдар келе жатыр. Соған байланысты көпшілік адамдар жиналмау үшін бір мезгілде. Соған сәйкес олар өздерінің ішкі тәртіптеріне сәйкес жұмыс жасай алады. Міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, бетперде болуы керек және де басқа да талаптарды сақтай отырып, жұмыс жасауына рұқсат етілді.

Хабар 24 телеарнасы