386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим: Junior Eurovision байқауында 6 реттік саны түскенін қалаймын

  • 410
  • UPD: 17:18, 15.11.2019
Ержан Максим: Junior Eurovision байқауында 6 реттік саны түскенін қалаймын

18 қараша күні қазақстандық әнші Ержан Максим қатысатын Junior Eurovision музыкалық байқауының қатысушыларына реттік нөмір анықтау үшін жеребе тарту рәсімі болады. 

Рәсімінің нәтижесі бойынша Ержанның «Арманыңнан қалма» әнімен сахнаға шығатын реттік саны анықталады. Ал байқау 24 қараша күні Польшаның Гливице қаласында өтеді.

Ержан байқауда 6-шы болып өнер көрсеткісі келеді. Ол бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Конкурстарға қатысқанда үнемі 6 саны түсетін. Алдағы уақытта қандай түсетінін білмеймін. Алты саны түседі деп үміттенемін. 6 саны түскен байқауларда әрдайым бас жүлде аламын, «Славян базары», «Бақытты балада» және басқа да байқауларда», - деді Ержан.

Сонымен қатар ол байқауға дайындығы жақсы екендігін айтты.

«Дайындығым жақсы, керемет. Қазақ елінің атынан бара жатқандықтан аздаған қобалжу бар», - деді жас әнші.

Халықаралық конкурс «Хабар» телеарнасында 24 қараша күні сағат 21:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы