376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде ғимарат өртеніп, 3 адам қаза тапты

  • 556

Ресей астанасы Мәскеуде екіқабатты әкімшілік ғимараты өртеніп, 3 адам қаза тапты.

Тағы 9 кісі жарақат алған. Өрт шаһардың солтүстік-шығыс бөлігінде болды. Ғимаратта қонақүй, мейрамхана, сән салоны және басқа да бірнеше нысан жұмыс істеп келген. Өрт сөндірушілерге тілсіз жауды ауыздықтау үшін 2 жарым сағаттай уақыт кеткен. Жалыннан ғимараттың төбесі опырылып түскен. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы