386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дуврда бір мезгілде 80 әуе шары көкке көтерілді

  • 493
  • UPD: 07:27, 08.04.2017

Ағылшынның Кент графтығындағы Дувр қаласынан Ла-Манш үстімен Францияға өту үшін 80 әуе шары бір мезгілде көкке көтерілді.

Осылайша әуеде қалықтау мамандары алты жыл бұрынғы рекордты жаңартпақ.

Бұған дейінгі рекорд 2011 жылы болған. Ол кезде сайыпқырандар Дуврдан Францияға аттанған еді.

Айта кетейік, ең алғаш рет Ла-Манш үстімен француз суретшісі Жан-Пьер Бланшар мен америкалық дәрігер Джон Джеффрис ұшып өткен. Олар 1785 жылдың 7 қаңтарында Дувр қорғанынан ұшып, үш сағаттан кейін Францияның Калесіне қонған.

Хабар 24 телеарнасы