385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнам астанасын су басты

  • 540
  • UPD: 20:41, 17.07.2017

Вьетнамда соққан «Талас» жаңбырлы дауылының салдарынан ел астанасы Ханойды су басты.

Үйдің төбесі құлап, бір адам қаза тапты. Нгеан провинциясындағы жүк кемесі суға кетіп, 10-нан аса адам табылмай жатыр. Табиғат апатының салдарынан елдің орталығындағы әуежайлардан ұшақтардың қатынауы тоқтатылған.

Айта кетейік, бұған дейін елдің солтүстігінде бірнеше апта бойы жауған нөсерден су тасқыны мен лай көшікіні жүріп, 14 адам опат болған еді. Аймақта 500-ден астам үй мен 1,5 мың гектар күріш алқабы су астында қалды. Биліктің мәлімдеуінше, табиғат апатынан мемлекет 2 млн доллардан астам шығынға ұшыраған.

Хабар 24 телеарнасы