388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадорда экономикалық дағдарысқа байланысты қатаң үнемдеу шаралары енгізілетін болды

  • 445
  • UPD: 11:39, 09.08.2017

Бұл туралы президент Ленин Морено мәлімдеді.

Осыған байланысты әзірге 4 шара қарастырылған. Оның қатарында жоғарғы лауазымды тұлғалар үшін сатып алғалы отырған ұшақтардың біреуінен бас тарту, үкімет пайдаланған қымбат көліктерді қайта сатпау, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 10% азайту және Immo-bilier мемлекеттік компаниясына тиесілі жылжымалы мүліктің бәрін сату да бар. Үнемделген қаржы жұмыс орынын ашу мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуді қамтитын «Бәріне – баспана» жобасына жұмсалмақшы.

Ал Эквадордың экономикалық дағдарысқа ұшырауына мұнай бағасының арзандауы және өткен жылғы жойқын зілзала себеп болып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы