389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАТО Корея түбегіндегі туыстас елдердің кездесу қорытындысын қолдайды

  • 590
  • UPD: 13:51, 28.04.2018

НАТО-ның Бас хатшысы кореяаралық саммиттің қорытындысын қолдайды.

Йенс Столтенберг Брюссельде Солтүстік Атлантикалық Альянс елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында өткен брифингте мәлімдеме жасады. Ұйым басшысы екі ел көшбасшысының кездесуін тарихи сәт деп атап, қабылданған шешімдерге оң баға берді. Екі елдің бейбітшілікке ұмтылуы, қандайда бір қырып-жоятын қару түрлерінен саналы түрде бас тартуы шын мәнінде елеулі оқиға деді ол.

Йенс Столтенберг, НАТО-ның Бас хатшысы:

- НАТО аймақта саяси шиеленісті тұрақтандыру бойынша қабылданған шешімін толықтай қолдайды. Мен бұл мәселенің қаншалықты күрмеуі қиын екендігін жақында ғана Оңтүстік Кореяда болған сапарымда байқаған едім. Ким Чен Ын мен Мун Чже Иннің кездесіп, ортақ шешім қабылдай алғанына қуаныштымыз. Демек, алғашқы қадам жасалды. Алда енді күрделі әрі көптеген ортақ жұмыстар күтіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы