387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Еуровидение-2018» конкурсының финалына шыққан қатысушылардың алғашқы тобы анықталды

  • 340
  • UPD: 11:21, 09.05.2018
«Еуровидение-2018» конкурсының финалына шыққан қатысушылардың алғашқы тобы анықталды Novayagazeta-ug.ru

Португалияның Лиссабон қаласында «Еуровидение-2018» халықаралық музыкалық конкурсының алғашқы финалға шыққан әншілері анықталды.

Алғашқы жартылай финалдың қорытындысы бойынша,  Израиль, Эстония, Чехия, Аустрия, Кипр, Болгария, Албания, Финляндия, Ирландия және Литва елдерінен келген 19 орындаушы үздік деп танылды. Финалға қатысушыларды қазылар алқасының мүшелері мен музыкалық жарыстың көрермендері анықтады. Музыкалық конкурстың екінші жартылай финалы 10 мамырда өтеді. Оған Норвегия, Румыния, Сербия, Сан-Марино, Дания, Молдова, Нидерланды, Аустралия, Грузия, Польша, Мальта, Венгрия, Латвия, Швеция, Черногория, Словения, Украина және Ресей секілді 17 елдің өкілдері қатысады. Конкурстың финалы 12 мамырда, сенбі күні өтпек. «Еуровидение-2018» финалына үлкен «бестік елдері» - Испания, Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция, Португалия елдері әдеттегідей бірден шығады. 

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы