386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтонда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 400
  • UPD: 17:30, 12.08.2018
Вашингтонда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Бүгін АҚШ астанасы Вашингтонда әсіре ұлтшылдар мен олардың қарсыластарының шеруіне байланысты қауіпсіздік күшейтілді.

Көпшілік Шарлоттсвиль қаласындағы оқиғаны еске алуға жиналған. Ал полиция бұл жолы да екі тарап өкілдері қақтығысқа түсуі мүмкін деп отыр. Жалпы, шеру Ақ үй маңындағы Лафайет саябағында өтуі тиіс. Бірақ билік ол маңға тек 400 әсіре ұлтшылдың жиналуына рұқсат етті. Сондықтан шаһардың басқа аудандарында да шеру өтуі ықтимал.

Еске сала кетейік, былтыр Шарлоттсвиль қаласының әкімшілігі 1861-1865 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде оңтүстік штаттардың әскерін басқарған генерал Роберт Лиге арналған ескерткішті алып тастау туралы шешім қабылдайды. Бірақ әсіре ұлтшылдар оған қарсы шеру өткізіп, оның соңы солшылдармен қақтығысқа ұласқан еді.

Хабар 24 телеарнасы