386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда робот жүргізетін такси сынақтан өткізіліп жатыр

  • 567
  • UPD: 10:15, 29.08.2018
Жапонияда робот жүргізетін такси сынақтан өткізіліп жатыр

Ондағы мақсат – 2020 жылғы Олимпиадаға дейін қаланы жолаушы тасымалының ерекше түрімен қамтасыз ету.

Роботтандырылған таксиді жергілікті компания жасап шығарған. «Жүргізушілерді жансыз роботқа алмастырудың бірнеше артықшылықтары бар», – дейді сарапшылар. Біріншіден, Олимпиаданы тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған туристерді тасымалдау оңайға түссе, екіншіден, бағасы едәуір қолжетімді болмақ. Бастапқыда такси күніне тек 4 рейс жасайды және роботтың істен шықпауын қадағалайтын арнайы жүргізушілер тізгінде болады.

Хабар 24 телеарнасы