386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай БҰҰ-ға ақша бөлуден Жапонияны артта қалдырды

  • 491
  • UPD: 08:23, 27.12.2018
Қытай БҰҰ-ға ақша бөлуден Жапонияны артта қалдырды

Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымына ең көп ақша бөлетін екі мемлекеттің бірі болып тұр. 1980 жылдан бері АҚШ-тан кейін тұрған Жапонияны ығыстырып, кестені жаңартты.

Ұйымға қаржыны молынан құятын АҚШ. Олардың үлесі 22 процент.  Қытай 12,01 процентпен екінші демеуші атанды. Ал Жапония 8,56 процентпен үшінші орында тұр. Айта кетейік, ұйымға ақша аударуды 2 жыл кешіктірген мемлекет Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан айырылады. Тамыз айындағы мәлімет бойынша ұйымға мүше 193 елдің 77-сі төлемді кешіктірген. 

Лю Ин, Қытай халық университеті қаржылық зерттеу институтының сарапшысы:

- Қытай экономикасы ұзақ жылдан бері тұрақты түрде дамып келеді. Қазір әлемніңүшінші экономикасы Жапониядан 2,5 есе үлкен. Сондықтан Қытайдың БҰҰ бюджетіне де салатын ақшасы да жылдан жылға артып келеді. Соның ішінде бітімгерлік шараларға қаржылай қолдауды күшейтіп жатыр. Бұл жауапкершілігі жоғары, ірі мемкелеттің саясаты.

Хабар 24 телеарнасы