387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды

  • 445
  • UPD: 10:42, 06.02.2019
Мәскеуде қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды

Сібір мен Оралда қыс қаһарына мінсе, Ресейдің астанасына көктем келгендей.

Мәскеуде термометр 3 градус жылылықты көрсеткен. Ақпан айы басталысымен тіпті жаңбыр жауған. Дегенмен мәскеуліктердің қуанышы ұзаққа созылмады. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері ауа райы күрт төмендейді. Сол себепті Мәскеуде көк тайғақтың алдын алу үшін қауіптіліктің сары деңгейі жариялады.   

Надежда Точенова, гидрометеорологиялық орталық басшысының орынбасары:

- Қаңтар айы Мәскеу үшін тым жылы өтті. Соңғы 5 күннің ауа райы температурасы ақпанның климаттық нормасына сай келмейді. Бұл – жалпы нормадан ауытқыған құбылыс.

Хабар 24 телеарнасы