389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда әуе апатынан 2 адам мерт болды

  • 308
  • UPD: 09:50, 12.02.2019
Бразилияда әуе апатынан 2 адам мерт болды

Бразилияның Сан-Паулу қаласында тікұшақ апатынан екі адам қаза тапты.

Мерт болғандардың бірі – танымал бразилиялық телерадио жүргізуші. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, белгісіз себептен ұшқыш әуе көлігін басқара алмай жолда тұрған жүк көлігіне соқтығысып, артынша өртеніп кеткен. Тікұшақ бортында екі адам болды. Жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алған. Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар апатқа қатысты тергеу ісін бастап кетті. Бразилия президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында мерт болған 66 жастағы журналистің туған-туыстарына көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы