378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы Франция елшісі Кристиан Массе Римге оралды

  • 442
  • UPD: 21:03, 16.02.2019
Италиядағы Франция елшісі Кристиан Массе Римге оралды

Өткен аптада екі ел арасында дипломатиялық жанжал туындап, Париж ІІ дүниежүзілік соғыстан бері Италиядағы елшісін алғаш рет кері шақырып алған болатын.

Жағдайдың ушығуына италиялық саясаткерлердің әрекеті себеп. Премьер-министрдің орынбасары Луиджи ди Майо Париж маңында «сары жейделілер» қозғалысының жетекшілерімен кездесіп, француз билігінің ашуын тудырған еді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Майо оларға көмек беретінін айтып, райларынан қайтпауға шақырған.

Хабар 24 телеарнасы