383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент Brexit күнін шегеруді талқылауға келісті

  • 278
  • UPD: 12:31, 28.02.2019
Парламент Brexit күнін шегеруді талқылауға келісті

Ұлыбритания парламенті елдің Еуроодақтан шығу күнін кейінге шегеруді дауысқа салуға келісті. Ұсынысты премьер-министр Тереза Мэй жасады.

Себебі үкімет басшысы қауымдар палатасы наурыздың 12-сі күні брексит келісімінен тағы бас тартып жатса, Ұлыбритания Одақтан келісімсіз шығуы мүмкін деп алаңдайды. Сондықтан егер парламент аталған күні Мэй үкіметінің брексит бойынша келісімін қабылдамаса, наурыздың 14-і күні Одақтан шығу күнін кейінге шегеруді дауысқа салатын болады. Ал Ұлыбритания ЕуроОдақтан ресми түрде наурыздың 29-ы күні шығуы тиіс. Бірақ тараптар әлі келісім-шартты бекіткен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы