378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь президенті Ресеймен ортақ валюта құруға қарсы емес

  • 747
  • UPD: 22:44, 01.03.2019

Александр Лукашенко Минскте өткен журналистермен кездесуінде осындай мәлімдеме жасады. Басты талабы - валюта екі елге де ортақ болуы тиіс. 

Бұл мәселені қос мемлекеттің сарапшылары 90-жылдары да талқылаған, бірақ сол кезде нақты іс-қимыл болған жоқ. Қаржыгерлердің айтуынша, ортақ валюта жасау үшін құқықтық рәсімдер мен реттеуге қатысты көп еңбек атқару қажет. Бұл жұмыс бірнеше жылға жалғасуы мүмкін.  Осы тұрғыда басты мәселе эмиссия орталығының орналасу жері болған. Беларусь президенті оның Ресейде, мәселен, Санкт-Петербургте болуына қарсы емес. 

Александр Лукашенко, Беларусь Президенті: 

- Бүгінде бізге ортақ валюта құруды ұсынып отыр. Оған қарсы емеспіз. Олай болса, бұл ресейлік те емес, беларусьтік те емес, біздің ортақ рубліміз болады.

Хабар 24 телеарнасы