379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та су тасқынынан мыңдаған тұрғын зардап шекті

  • 142
АҚШ-та су тасқынынан мыңдаған тұрғын зардап шекті

АҚШ-тың Айова штатындағы су тасқынынан 3 адам ажал құшты.

Аймақтағы АҚШ қарулы күштерінің штаб пәтері топан су астында қалды. Небраска штатында да әскери әуе базасын су басты. Жергілікті билік өңірдің 16 өзені арнасынан тасып кеткенін хабарлайды. Апат аймағынан бірнеше мың адам эвакуацияланып, уақытша баспанаға жайғастырылды. Жүздеген құрылыс нысандарына айтарлықтай зақым келген. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ. Мамандар табиғат апатынан келген шығынды есептеуге кірісті.

Хабар 24 телеарнасы