377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадуро Қызыл Крест комитетінің гуманитарлық көмегін қабылдады

  • 87
  • UPD: 18:13, 18.04.2019
Мадуро Қызыл Крест комитетінің гуманитарлық көмегін қабылдады

Венесуэлаға Қызыл Крест Халықаралық комитеті ұсынған әлеуметтік көмектің алғашқы легі кіргізілді.

Жүк көліктеріне тиелген азық-түлік пен дәрі-дәрмектер Каракастың өте мұқтаж өңірлеріне жеткізілді. Сондай-ақ мемлекет бойынша медициналық мекемелерге электр генераторлары мен 24 тонна медикамент жіберілмек. Айта кетейік, Венесуэлада президент Николас Мадуро мен оппозиция басшысы Хуан Гуайдоның билікке таласуынан саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік дағдарыс жайлады. Көмекті ұсынған Қызыл Крест ұйымы бұл жағдайда бейтараптық саясатты ұстанатындығын айтты. Сол себепті Маудро әкімшілігі елге көмекті кіргізуге рұқсат берді.

Хабар 24 телеарнасы