379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда үкімет әскері Хама мен Идлиб аймағына шабуылды күшейтті

  • 145
Сирияда үкімет әскері Хама мен Идлиб аймағына шабуылды күшейтті svoboda.org

Сирияда үкімет әскері Хама мен Идлиб аймағындағы оппозициялық күштерге қарсы шабуылын күшейтті.

Осыған байланысты аталған өңірлерде 16 халықаралық гуманитарлық ұйым өз жұмысын тоқтатты. Оның ішінде Халықаралық азық-түлік бағдарламасы бар. Әскери қимылдардан сәуір айынан бері 180 мың тұрғын өз үйлерін тастап кеткен. Ал үкімет күштері осы уақытқа дейін 5 мекенді бақылауына алып, Хама мен Идлиб шекарасына қарай шыққан. Бұған дейін Хасс ауылы маңындағы ұрыс кезінде «Джебхат ан-нусра» тобының қару-жарақ қоймасы талқандалғаны хабарланған еді. Айта кетейік, Сирияның солтүстік-батыс бөлігі – оппозиция қолында қалып отырған жалғыз аумақ. 2017 жылғы Астана келісіміне сәйкес Идлиб өңірінде қарусыздану аймағы құрылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы