384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанның Бейт Мери қаласы пластик қалталардан түбегейлі бас тартпақ

  • 340
Ливанның Бейт Мери қаласы пластик қалталардан түбегейлі бас тартпақ

Пластик қалталардан бірнеше айдың ішінде түбегейлі бас тарту.

Ливанның солтүстігінде орналасқан Бейт Мери қаласының билік өкілдері осындай мақсат қойып отыр. 1 мамырдан бастап шаһардағы барлық дүкендерде тұрғындарға полиэтилен қалтасының орнына мата немесе екінші қайтара өңдеуге жарайтын материалдан дорбалар тегін ұсынылуда. Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Бейт Мери Ливандағы экологиялық тұрғыда ең таза қала атауын алған еді. Ол кезде жергілікті билік қоқыс қалдықтары көрсеткішін нөлге жеткізген еді. Яғни мамандар тұрғындар тастаған қоқыстарды арнайы фабрикада өңдейді немес бірден тыңайтқышқа  аналдырып отырған.

Хабар 24 телеарнасы