378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Клод Моненің картинасы 111 млн долларға сатылды

  • 87
  • UPD: 08:26, 16.05.2019
Клод Моненің картинасы 111 млн долларға сатылды

Нью-Йорктегі «Сотбис» аукционында импрессионист Клод Моненің «Стога сена» картинасы 111 миллион долларға сатылды.

Бұл – француздық суретшінің жұмыстары үшін рекордтық сома. Ұйымдастырушылар сатып алушының есімін құпия сақтап отыр.

Айта кетейік, туынды ХІХ ғасырдың аяғында майлы бояумен салынған. Жеке иеліктегі санаулы картиналардың бірі болып саналады. Суретте Нормандиядағы ауылдың бірінде астық жинайтын уақыттағы жайылым бейнеленген.

Хабар 24 телеарнасы